Бокс

Альварес ресми өлшенуден кейін де салмақ жинап, рингке ірі болып шығады -Showtime сарапшысы

  • © Vesti.kz

    © Vesti.kz

Америкалық Showtime телеарнасының сарапшысы Стив Фархуд қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты.


Сарапшы Головкиннің соңғы жекпе-жектері кезінде оның осал түстарын байқап қалғанын айтады.


"Жекпе-жек жақсы өтуі керек, Альварес үшін. Головкин болса Келл Брук пен Дэниэл Джейкобспен жекпе-жектері кезінде өте осал тұстары бар екенін көрсетіп қойды. Ал Альварес 160 фунт жинау үшін уақыт алды. Ол ресми өлшенуден кейін де біраз салмақ қосарына сенімдімін. Сондықтан ол рингте орта салмақтағы боксшылардан ірілеу болып шығары сөзсіз. Маған оның мүмкіндіктері басым көрінеді, мен Альварес жеңеді деген ойдамын", - деп келтіреді Фархудтың сөзін "Чемпионат" порталы Fightnews сайтына сілтеме жасап.


азірдің өзінде Голвокинмен жекпе-жекке Альварес өз лагерінде 175 фунт (79,378 келі) салмақта жаттығып жатыр. Ал орта салмақтың лимиті 160 фунт (72,574 келі).


Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.


Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


vesti.kz


 




Көрілген: 814    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.08.2017, 10:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31