Бокс

Арландардың алдында ресейліктер тізе бүкті

  • Арландардың алдында ресейліктер тізе бүкті

    Арландардың алдында ресейліктер тізе бүкті

 Кеше «Астана арландары» өз жерінде ресейлік «Patriot boxing team» боксшыларын жеңіп, плей-оффқа шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бірінші жекпе-жекте команда капитаны Олжас Сәттібаев (52 келі) өз қарсыласы Вячеслав Ташкараевты бірден соққының астына алып, екі бірдей раундта айқын басымдықпен өнер көрсетті.


Ал үшінші раундта Ташкараевтың қабағы жарылып қалды. Дәрігер оған ары қарай жұдырықтасуға рұқсат бермеді. Сөйтіп, Сәттібаев ұпай санымен жеңіске жетті.


60 келі салмақ дәрежесі бойынша өткен екінші жекпе-жек те тартысты өтті. Астана арланы Зәкір Сафиуллин башқұрт боксшысы Артур Сұбxанқұловты нокаутқа түсіруге тырысты. Бетін қан қылды. Нокаутқа түсіре алмаса да, айқын басымдықпен жеңді.


Ал 69 келі салмағында Асланбек Шымбергеновтың қарсыласы Шаxабас Маxмұдов өте ширақ болып шықты. Соған қарамастан, Шымбергенов шеберлігі арқасында жеңіске жетті.


Төртінші жекпе-жекте Арман Рысбекке (81 келі) оңай болған жоқ. Оған қарсы Әлем чемпионатының жүлдегері Павел Силягин шықты. Қолы ұзын әрі жылдам Силягин өз қарсыласын бірден есеңгіретемін деп ойлады. Алайда Арман Рысбек баяу қимылдаса да, өз соққыларын дарыта білді. Тіпті, бір соққысы қатты тигені сонша, рефери жекпе-жекті тоқтатып, нокдаунның секундтарын санауға мәжбүр болды. Бес раундтың нәтижесі бойынша қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды.


Бесінші жекпе-жекте ауыр салмақтағы боксшылар жұдырықтасты. Олжас Боқаев «Астана арландары» сапындағы дебюттік кездесуін өткізді. Оның қарсыласы тәжірибелі Магомед Омаров болды. Бұл жекпе-жекте Боқаев барын салып, өзінен 8 сантиметрге ұзын қарсыласты жеңуге күш салды. Намысқа тырысып, шабуылды өзі үдетіп, бірінші нөмірмен де бокстасты. Алайда өз мақсатына жете алмады. Ресейлік боксшының жолы болды.


Осылайша, бес жекпе-жектің қорытындысы бойынша «Астана арландары» 4:1 есебімен жеңіске жетіп, плей-офф сайыстарына жолдама алды. «Астана арландарының» бүгінгі бокс кеші Тараз қаласында өтті.

 


Baq.kz


 




Көрілген: 165    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 19.03.2017, 09:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30