Бокс

"Артық бір тиын алмадық". Кәсіпқой бокс федерациясы Шүменовтың сынына жауап қатты

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Vesti.kz тілшісіне берген сүхбатында Бейбіт Шүменовтың сынына жауап берді.


Қазақстандық боксшының сөзінше, Федерация бокс кешін өткізу үшін қомақты қаржы сұраған.


"Шүменов дайындалды, жаттықты. Қарсыласы айбат көрсете алмады. Мықты қарсыластарға дайындалу керек", - дейді Демьяненко.


- Шуменов федерацияның жекпе-жек өткізуге қаржы сұрағанын айтады.


- Біз төрешілерге, Федерация өкілдері мен рейтингтік жекпе-жектер супервайзеріне берілетін ақшадан артық бір тиын да алған жоқпыз. Кешті ұйымдастырумен әкесі айналысты, бір топ төрешілер келді. Әрқайсысы кемі 300 доллар алады. Өздерінің туысы Асаноқа төлемеген. Әрине боксшы жаттығып, ештеңе білген жоқ. Енді федерацияға шағымданып отыр. Олар біздің 520 мың долларды шашып жібергенімізді айтады. Рейтингтік жекпе-жекке қатысушылардың барлығы өз есебінен келді. Шүменовтың командасы табыс көргісі келген болар, бірақ, болмады. Осыдан басталды бәрі. Оларға қала көмектескенін білемін.


- Шүменов көптен бері АҚШ-та тұрады және талаптарды біледі. Біз барлық халықаралық ережелерді ұстанамыз.


- Аймақтық федерациялар не керек бізге? Мұндай ондаған ұсыныс болды. Осыдан былық пайда болады. Қазір бәрі дұрыс, енді қалмағаны тойда жекпе-жектер өткізе бастау.


Лицензия жайында, Ресейде ол 200 доллар. Бізден ресейліктер, өзбектер, қырғыздар лицензия сұрайды. Алайда ережелер бар. Шүменов америкалық лицензиясын көрсетті. Біз оны қабылдадық. Бәрі өз есебінен келді, ал Шүменов оларға гонорар төлемеді. Сондықтан бокс кеші қызықсыз өтті.


Қанат Исламның бокс кешінде ондай болмағанын атап айтқым келеді. Олар бір ауыз сөзсіз қомақты қаржы төледі, ал оларда төрешілер көбірек болды", - деп атап өтті Демьяненко.


Еске салайық, 7 шілдеде Шүменов Астанадағы бокс кешінде түркиялық Хизни Алтункаяны (30-2, 17 КО) жеңіп, WBA белбеуін қайтарып алды. Шүменовтың сөзінше, бокс кешін ұйымдастыруға кеткен шығынның көп бөлігін ол өз мойнымен көтерген. 




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 16:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30