Бокс

Асланбек Шымбергенов - WSB сериясының Азия құрлығындағы үздік боксшысы атанды

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Азия бокс конфедерациясы дәстүрге орай жылдың үздіктері тізімін жариялады.


"Азиялық бокс жанкүйерлері 10 күн бойы әлеуметтік желіде өз фавориттерін атады. Биыл Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония сияқты елдердің «электоралдық» белсенділігін ерекше атап көрсетер едік. Жаңадан «Азия бокс конфедерациясының президентінің таңдауы» аталымын енгіздік. Оған Ауғанстан бокс федерациясы лайық деп танылды. Экономикалық және саяси ахуалдың нашар болуына қарамастан, федерация Ауғанстанда боксты дамытуға көп күш салып жатыр. Мұны Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) вице-президенті Серік Қонақбаев та атап өтті", - дейді Конфедерацияның атқарушы директоры Бағдәулет Төреханов.


Ол сондай-ақ биыл Қазақстанның әйелдер боксы қарқынмен дамығанын айтты. "Біздің боксшы қыздар барлық салмақ санаты бойынша Азияның ең биік тұғырына шықты. Ал ерлер арасында «азиялық» салмақтар деген атпен танымал 49 және 69 кг санаттарына басымдық берілді", - деді атқарушы директор.


2017 жылғы "Азияның үздіктері":


1. Үздік боксшы Шахрам Ғиясов (Өзбекстан, 69 кг)


2. Үздік боксшы Мәдина Нұршаева (Қазақстан, 64 кг)


3. Үздік боксшы (жастар) - Сачин Сиваш Сингх (Үндістан, 49 кг)


4. Үздік боксшы (жастар) - Арайлым Бегділда (Қазақстан, 81 кг)


5. Үздік боксшы (жасөспірімдер) - Сора Танака (Жапония, 66 кг)


6. Үздік боксшы (жасөспірімдер) - Жәмила Болат (Қазақстан, 66 кг)


7. Үздік боксшы WSB - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан, 69 кг)


8. Жыл жаңалығы - Хусейн әл-Масри (Сирия, 49 кг)


9. Үздік бапкер - Хирокуни Мото (Жапония)


10. Үздік супервайзер - Аслан Игібаев (Қазақстан)


11. Үздік халықаралық техник делегат (ITO) - Ленни Д'Гама (Үндістан)


12. Үздік төреші - Нэлка Широмала (Шри-Ланка)


13. Үздік федерация - Өзбекстан бокс федерациясы


14. Азия бокс конфедерациясы президентінің таңдауы - Ауғанстан бокс федерациясы.


vesti.kz




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.12.2017, 15:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30