Бокс

Астанадағы турнирде бокстан әлем чемпионы мен бапкері төбелес шығарды

  • Астанадағы турнирде бокстан әлем чемпионы мен бапкері төбелес шығарды

    Астанадағы турнирде бокстан әлем чемпионы мен бапкері төбелес шығарды

 Қазақстанның бокс федерациясы кубогі үшін өтіп жатқан жарыста ширек финалдық кездесуде жеңіліп қалған боксшы Рахат Маржықпаевтың бапкері төрешіні ұрды.


Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Рахат Маржықпаев ширек финалдық жекпе жекте Жамбыл облысынан келген боксшы Аман Қазанғаповтан жеңілген болатын. Бұған ызаланған оның бапкері төбелес шығарды. Оған жеңіліп қалған боксшы да араласып кетті.


Видеода көрініп тұрғандай, жеңген боксшының қолын көтерген соң рингтен түскен төрешіге қара футболка киген бір адам жүгіріп келіп, қолын сермеп бірдеңелерді айтып жатыр. Сосын ол төрешіні ішінен нұқып, артынша бетінен екі рет ұрып жіберді. Төреші де қол жұмсаған кезде оған боксшы Рахат Мыржықпаев жабылып кеткен. Оларды көрермендер мен қауіпсіздік қызметкерлері ажыратып алды.





Белгілі қазақ боксшысы Олжас Сәттібаевтың әкесі, журналист Көсемәлі Сәттібай бұл оқиға туралы Фейсбуктегі парақшасында бірнеше пост жазды. Ол жанкүйерлерден келіп жатқан смс-хаттар бойынша төбелес шығарған адам Астана қалалық спорт дене шынықтыру басқармасының бастығы Берік Маржықпаев екенін айтады.


"Астана деген ардақты ат тек қана Астана қаласы мен оған жақын орналасқан Қарағанды сияқты қалалардың боксшылары арам жолмен жеңіске жетсін деп берілген жоқ. Астана деген атты алға ұстап, жеңістен дәмеленуді мүлде тоқтату керек.

Мен осы сөзді бақандай он жылдан бері айтып келе жатырмын. Міне, аяғы не болды. Жеңіліп қалған боксшылары үшін реферилерді қалың жұрттың көзінше төмпештеп, ұрудан да ұялмайтын болды.

Мықты болсаң, әне, жұдырығы жойқын қазақтың қара баласы Аман Қазанғаповтай бол!

Айтпақшы:

Жанкүйерлерден смс хат кеп жатыр. Олар төрешіні ұрған бапкер емес, Астана қалалық спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Берік Маржықпаев дейді. Сонда жеңіліп қалғандарына қарамастан, баласы екеуі судьяны жабылып ұрған болып тұр ғой.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовтің назарына:

Астана қалалық спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Берік Маржықпаев пен оның баласы Рахат Маржықпаев екеуінің бұл ұрдажық мінезі, жеңістің бәрі біздікі дегендей астамшылығы, өзінен басқаны адам құрлы көрмейтін озбырлығы мемлекеттік қызметкердің әдебі мен әдетіне, спортшының этикасы мен эстетикасына сай келе ме?

Меніңше, мәселені көп созбай әкесін - қызметтен, ұлын - спорттан шеттету керек.

Спорт - достық пен татулықтың, бірлік пен бейбітшіліктің символы. Онда дөрекі, ұрдажық, озбыр басшылар мен боксшыларға орын жоқ" дейді Көсемәлі Сәттібай.

 


Baq.kz 


 




Көрілген: 1061    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.09.2017, 12:54

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
17 Қыркүйек 2017
GGG мен Canelo тең түсті
14 Қыркүйек 2017
GGG туралы 37 факт

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30