Бокс

"Барлығын жеңдім деу үшін абсолют чемпион болу керек". Холифилд Мейвезерді сынға алды

  • © rabstol.net

    © rabstol.net

Алғашқы және аса ауыр салмақта абсолют чемпион болған Эвандер Холифилд P4P рейтингінің көшбасшысы Флойд Мейвзерді кей ұйымдардың белбеулерін біріктірмеген үшін сынға алды, - деп хабарлайды "Чемпионат".


"Ол мықты боксшы деп ойлаймын. Бірақ бәрін сабадым деу үшін абсолют чемпион болу керек. Барлық белбеуді бір уақытта қолыңа жиып: "Чемпиондық белбеуі болған адамдардың бәрін жеңдім, мен абсолют чемпионмын" дей алу қажет. Менде WBC ұйымының ана белбеуі, сосын WBC тұжырымы бойынша тағы мына белбеу және WBC берген мына белбеу бар дей алмайсыз. Сөзсіз чемпионмын деу үшін өзге де белбеулеріңіз болу міндет.


Бұл Флойдқа жетпейтін жалғыз-ақ нәрсе, өйткені ол ешқашан әлемнің абсолют чемпионы болған жоқ", - дейді Холифилд.


Еске салайық, кәсіпқой рингте Мейвезер 50 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал 27 кездесу нокаутпен аяқталған. Ол бес салмақ дәрежесінде чемпион болған еді.


vesti.kz


 




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 20:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30