Бокс

Белгілі бапкерлер Головкинді қалай жеңуге болатынын айтты

  • Белгілі бапкерлер Головкинді қалай жеңуге болатынын айтты

    Белгілі бапкерлер Головкинді қалай жеңуге болатынын айтты

Ұлыбританиялық танымал үш бапкер Джо Галахер, Питер Фьюри және Гари Локетт орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) қалай жеңуге болатынын айтты, - деп хабарлайды BoxingScene.com. "Головкинмен шаршы алаңға шығу - бұл өте дүбірлі психологиялық сәт.


Оның қарсыластары бірінші соққыны қабылдағанда, оның қаншалықты ауыр екенін байқайды. Осыдан кейін олардың жекпе-жекке жоспарлаған сценарий құрдымға кетеді. Ол бұған қалай жетеді? Менің ойымша, бұл оның табиғи мықтылығынан. Сонымен қатар, мәселе күште ғана емес. Көптеген адамдар GGG олимпиада ойындарының жүлдегері екенін ұмытып кетеді, оның әуесқой бокста тәжірибесі өте мол. Ол аяқтарымен шапшаң қимылдап, бұрыштарды жақсы тауып, сізді қыспаққа алады. Ол ұқыпты әрі ақылды боксшы. Келл Брук тобығын қайырып алғанға дейін онымен жақсы жұдырықтасып жатты. Бірінші төрт раундта ол ауыр соққылар жасады. Оның күшін ары кетсе сегіз раундқа ғана жетер еді. Жағдай басқаша болғанда ол барлық 36 минутта жұмыс істеуі керек болады, бірақ оның шамасы ондайға жетпейді. GGG жеңілмейді. Костя Цзю осындай еді, бірақ оның жолында Винс Филипп кездесті. Головкин өзінің ауыр соққыларымен қарсыласының бетін қайтарып тастайды. Соған қарамастан ол өзі де соққы жібереді. Мысалы, Мейвезер - оның толықтай қарама-қайшылығы. Ол өзін ұрғызбайды. Ал Головкин қатып тұрған нысана секілді. Бұл оның тәсілі, сол арқылы ол сіздің санаңызды алдайды. Головкинді өзіңізге қарай тарту қажет. Ол алға қарай қадам басқанда джебпен күтіп алу тиімді. Оның бірнеше соққысын алғаннан кейін сасып қалмау керек. Дер кезінде құлата білу керек. Ол сізге жете алмайтын қашықтықта жұмыс ітеу қажет. Бір сөзбен айтқанда сізге 100 пайыз төзімділік қажет, ақылмен қозғалып жақсы соққылар жасау керек. Дэнни жақсы қарсылас, бірақ ол жекпе-жек соңына дейін шыдай алмайды. Мұнымен тек Билли Джо Сондерс қарсыласуы мүмкін, бірақ Головкинмен жекпе-жек әрқашанда үлкен тәуекелге барумен тең", - дейді Гари Локетт. "Мен кез келген адамды жеңуге болатынына сенемін. Жеңілмейтіндер болмайды. Жекпе-жекте кез келген адамның үміті бар. Мен Головкиннің қорғанысынан әлсіз жерлерді байқаймын. Бірақ оны жеңу үшін айрықша боксшы керек. Головкиннің соққылары рұқсат етілмеген препараттардың күшімен бірдей. Оны адам баласы түсіндіре алмайды. Ол табиғи дарын, соның арқасында ол соққы жасағанда балғамен ұрғандай болады. Мықты боксшы болу үшін оның бойында барлығы бар: шеберлік, күш және шыдамдылық. Оның бұрылмайтыны және бір бағытта жұмыс істейтіні - айла. Ол керек кезінде аяғымен шапшаң қимылдайды. Егер сіз панчер болмасаңыз, ол сізге өзіне қарай жақындайға және соққылар жасауға мүмкіндік береді. Оның барлығы сіздің шаршауыңыз үшін. Тура осындай құрыққа Мартин Мюррей түсіп қалды. Головкин өзін ұрғызып, шаршағанын күтті, соңында GGG алға шығып оны сындырып тастады. Келл Брукпен де солай. Кертис Стивенске Головкин басқаша әдіс қолданды. Головкинге қарсы шыққан адам ақылға салып, оның басымдылығы күші екені, соған қарсы әрекет етуді білуі тиіс. Сіз оған күшті болмасаңызда тактикалық тұрғыдан соққы жасауды тоқтатпағаныңыз дұрыс. Міне бокс деген осылай болу керек. Менің білуімше, тәсіл мен дағды әрқашанда ауыр күшті жеңеді. Онымен қашықтықта да, инсайдта да жұдырықтаса алатын боксшы керек. Алыстан дөп тигізе білетін боксшы болу керек. Соңында Головкин аалған соққылардың әсеріне шаршайды. Билли Джо Сондерс Головкинді осындай әдіспен жеңе алатынына сенемін. Оның солақай екенін ескере отырып, соққы жасаудан тай салмайтын ұлыбританиялық боксшы оған көптеген қиындықтар туғызады. Бірақ мұның барлығы ой ғана", - дейді Питер Фьюри. "Бірінші кезекте Головкиннің мықты жақтарын біліп алған дұрыс. Оның үздік нокаутшы екені кеңінен тарап, бірақ ол әуесқойлар арасында әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпионы екенін ұмытып кеткен сияқты. Кәсіпқой бокста осы шыңға жеткенге дейін, ол әуесқой бокста көп еңбек етті. Ол өте төзіді боксшы. Ол кез келген жағдайдан соққы жасай алады. Бірақ оның ең басты басымдылығы - ол шаршы алаңда өзін салқынқанды ұстайды. Ол каөп күш жұмсамай барлығын тиянақты әрі есеппен жасайды. Ол барлығын нокаутқа жібермей-ақ элиталық боксшы болар еді. Геннадийден мән табу қиын, бірақ менің ойымша ол жеңілмейтіндей боксшы емес. Орта салмақта ол ең ірі боксшы емес, сонымен қатар оның жасы да біразға келіп қалды. Ол 35-ке толды. Соңғы жекпе-жекте ол өте көп соққы алды. Егер осылай жалғаса беретін болса, ол бір күні құлайды. Оған Брукпен болған кездесудегідей жұдырықтасуға болмайды. 12 раунд бойы онымен жұдырықтасуға көптеген боксшының шамасы жетпейді. Мартин Мюррей барлығын жақсы істеп жатты, алайда оның күші жетпеді. Эрисланди Лараның да жеңістен үміті болды, бірақ меніңше ол да соңына дейін тұра алмайды. Ал Крис Юбенк Головкинді апперкотпен құлата алады. Бірақ менің байқағанымдай оған тура өзі сияқты қарсылас керек. Себебі ол қарсыласына жақындаудан қорықпай, жақсы соққылар да жасайды және өзі де соққыларды қабылдауға дайын тұрады. Джейкобс соққы жасай алады, бірақ оның әлсіз жерлері бар, соларды Головкин қолданып кетуі мүмкін. Менің ойымша Головкинді "Канело" жеңеді. Головкин ең мықты нокаутшы болғанына қарамастан, инсайдта ол бірінші емес. Ал Альварес барлық мексикалықтар сияқты осы жерде ең мықтысы. "Канело" Головкиннің қабырғасын санап, жасы келіп қалған GGG-ді әбден састырады. Ал соңында кездесуді аяқтайтын соққылар жасайды", деп ойлайды Джо Галахер. Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 18.03.2017, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 10:21
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек, 23:18
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31