Бокс

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді

  • © Matchroom Boxing

    © Matchroom Boxing

Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады. Нью-Йоркте өткен алғашқы жекпе-жегінде америкалық боксшы Ноа Кидті нокаутпен жеңді.


Жартылай орта салмақта жұдырықтасқан боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған еді. Данияр қарсыласын 3 раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп шықты.


22 жастағы Ноа Кид кәсіпқой бокстағы мансабында алғаш рет жеңілді. Осыған дейін 4 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңіске жеткен. 1 кездесуін тең аяқтаған.


Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды.


Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.


Данияр Елеусінов шаршы алаңға шыққан бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық боксшы Дэниель Джейкобс пен поляк Мацей Сулецкий жұдырықтасады.


 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.04.2018, 21:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30