Бокс

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды

  • © Ізтұрған Алдауев

    © Ізтұрған Алдауев

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз америкалық боксшы Ноа Киддпен жұдырықтасады.


Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығатын бокс кеші 28 сәуір күні Нью-Йорктегі "Барклайс" аренада өтеді. Басты кездесуде орта салмақтағы Дэниэль Джейкобс пен поляк Мацей Сулецки қолғап түйістіреді.


Жартылай орта салмақта өтетін Данияр Елеусінов пен Ноа Кидд жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған. Америкалық боксшы кәсіпқой бокстағы мансабын 2016 жылы бастаған. 4 жекпе-жек өткізіп, 3-де жеңіске жеткен. 1 кездесуінде қарсыласымен тең түскен. Барлық жекпе-жектерін туған өлкесі Миссури штатында өткізген.


Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды.


Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.


Айта кетейік, 28 сәуірдегі бокс кешінде Нью-Йорктегі қазақстандық полицей Димаш Ниязов (13-0-3, 6 КО) та шаршы алаңға шығады. Ол мексикалық боксшы Анхель Саринанмен (7-7-2, 3 КО) жұдырықтасады. 


vesti.kz




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.04.2018, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31