Бокс

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыты мен орны жария етілді

  • © BNews.kz

    © BNews.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 6 маусымда Лондонда өткізеді. Бұл туралы Twitter желісінде оның промоутері Эдди Хирн хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.


27 жастағы отандасымыз York Hall орталығындағы бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады, бұл кештің басты жекпе-жегі - Британ достастығы чемпионы және жартылай ауыр салмақта WBA Continental чемпионы титулы үшін Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинстің (13-0, 9 КО) кездесуі. Қазақстандықтың қарсыласы әзірше белгісіз.


Еске сала кетейік, бүгін, 29 сәуірде Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірген еді. Елеусінов - Ноа кездесуі алты раундқа есептелген еді, алайда үшінші раунда аяқталды. 27 жастағы қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққысын үдеткен еді. Екінші нокдауннан кейін рефери есеп алып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді. 




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.05.2018, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31