Бокс

Елеусіновті әлем чемпиондығынан айырған боксшы кәсіпқой рингте қазақстандықпен жұдырықтасады

  • Александр Журавский. Сурет: Alban Boxing Promotion

    Александр Журавский. Сурет: Alban Boxing Promotion

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Александр Журавский (13-4, 11 КО) келесі жекпе-жегінде мароколық Мохаммед Рабиимен (7-0, 5 КО) жұдырықтасады. BoxRec ақпараты бойынша, жекпе-жек 8 желтоқсан Парижде өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


25 жстағы марроколық 2017 жылы кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жегін өткізіп, алғашқы раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген. Осы уақытқа дейін жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті (5 нокаут).


Дегенмен Журавскийдің қарсыласы қазақстандық бокс сүйер қауымға әуесқойдағы карьерасымен таныс. 2015 жылы Катар астанасы Дохада өткен әлем чемпионатында Рабии финалда Олимпиаданың болашақ чемпионы Данияр Елеусіновті (5-0, 3 КО) жеңген. Сонымен қатар, ол 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді.


BoxRec сайтындағы алғашқы орта салмақ рейтингінде Рабии 74-ші, ал Журавский 174-ші орында.


Айта кетейік, 31 жастағы Сороны қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) мексикалық бапкері Абель Санчес жаттықтырады.


Журавскийдің өзі кәсіпқой рингке 2007 жылы келген. 2011 жылы Павлодар облысының тумасы жарақат салдарынан бапкерлікке ауысады. Алайда 2015 жылы шаршы алаңға оралып, жеті рет жұдырықтасып үлгерді. Журавский тоғыз жекпе-жегін Қазақстанда, төртеуін - Тайландта, екеуін - Ресейде, Ұлыбритания мен Малайзияда бір-бірден өткізген. 21 қазанда өткен соңғы жекпе-жегінде өзбекстандық боксшы Жасур Ахмаджоновтан (8-0-1, 5 КО) жеңілді.


 




Көрілген: 716    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 17:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31