Бокс

Фируза Шәріпова Астанада екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді

  • © twitter.com

    © twitter.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова Астанада болгар қызы Милена Колеваны жеңіп, екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді.


Бірінші раундтан бастап Фируза қарсыласын бұрыштан-бұрышқа тықсырып, белсенділігін байқатты. Болгар қызы қорғаныста жұдырықтасып, сәті түскенде ғана шабуылдаумен болды. Раунд сайын қарқынын арттыра түскен отандасымыз дөп соққыларымен алға оза түсті.


Милена Колева да тәжірибелі екенін байқатты. Екі бірдей чемпиондық атақ сарапқа салынатын жекпе-жекке дайындалып келгені көзге ұрды.


Фируза 8 раунд бойы соққы жасап баққанмен, Милена жекпе-жек соңына дейін шыдап бақты. Дегенмен кездесуде отандасымыз айқын басымдығын танытты. Төрешілердің барлығы Фирузаны жеңімпаз ретінде таныды.


Милена Колеваны жеңген Фируза Шәріпова жеңіл салмақта WIBA және WBU тұжырымдары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізді.


Мен қолдауға келген баршаларыңызға алғысымды білдіремін. Жаттықтырушыларым мен ата-анама рақметімді айтамын. Бұл жеңіске үлкен еңбектің арқасында қол жеткіздік. Командама рақмет. Алға, Қазақстан, - деді боксшы.


vesti.kz


 




Көрілген: 349    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 26.08.2017, 22:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31