Бокс

Флойд Мейвезер шаршы алаңға қайтып оралатын болды

  • Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор / Reuters

    Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор / Reuters

Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер тағы бір жекпе-жек өткізу үшін шаршы алаңға оралуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz америкалық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.


БАҚ мәліметінше, Мейвезер 51-ші жекпе-жегін өткізу үшін өзінің сенімді өкілдерімен бірнеше рет ақылдасқан. Алайда спортшы бұл туралы ресми түрде жариялауға асығар емес.


40 жастағы Мейвезер өзінің физикалық жағдайы өте жақсы деңгейде екенін және жаттығуларды Лас-Вегастағы спорт залдарының бірінде жасап жүргенін айтты.


Еске салайық, Мейвезер бұрындары да боксқа қайтып келген еді. 2015 жылы қыркүйекте ол кәсіпқой бокстан кететінін ресми түрде жариялаған еді, алайда ирландиялық файтер Конор МакГрегормен жұдырықтасу үшін шаршы алаңға қайтып келген еді. Жекпе-жек Лас-Вегаста 2017 жылы 26 тамызда өтіп, 10-шы раундта техникалық нокаутпен америкалықтың пайдасына шешілген еді.


Бұл Мейвезердің 50-інші жеңісі еді, ол бірде-бір рет жеңіліп көрген емес. Ол осыған дейін 27 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Сол жекпе-жектен соң Флойд спорттан біржола кететінін жариялаған еді.


 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.11.2017, 13:53

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
17 Қыркүйек 2017
GGG мен Canelo тең түсті
14 Қыркүйек 2017
GGG туралы 37 факт

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30