Бокс

Геннадий Головкин бауыры Максим туралы шындықты айтты

  • Геннадий Головкин бауыры Максим туралы шындықты айтты

    Геннадий Головкин бауыры Максим туралы шындықты айтты

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин L'Equipe басылымына берген сұхбатында егіз бауыры Максимнің жастық шағы қалай өткенін әңгімелеп берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Олардың арасындағы жас айырмашылығы – 15 минут. Қазір Максим бауырының командасында жаттықтырушылардың бірі ретінше жұмыс істейді.


«Ол маған қарағанда жақсы боксшы болды! Бала күнімізде ол менен күштірек еді, жылдамдығы да жоғары болды, бастысы тәртіпті еді. Маған бокстан басқа да спорт түрлері ұнағандықтан ақымақтық жасап қоя беретінмін. Екеуміз де қабілетті едік, бірақ Максим боксшы ретінде менен бір саты жоғары тұрды», - дейді Геннадий Головкин.


Оның айтуынша, олар бір салмақта өнер көрсетіпті. 15 және 16 жасында екеуі де Қазақстан чемпионатының финалына шыққан.


«Қайсымыз мықты екенімізді бәрі білгісі келді, бірақ ата-анамыз екеуміздің жекпе-жегіміз ақылға қонымсыз деп шешті. Алғаш рет бауырым маған жол беріп, жеңімпаз атандым. Келесі жылы мен дәл солай жасадым», - дейді чемпион.


Геннадий Головкин әлем чемпионаты немесе Олимпиадаға кім барады деген сұрақ туындағанда Максим ойланбастан жол бергенін тебірене еске алды.


«Ол кезде боксшы құрамадағы шығындардың бір бөлігін өзі жабуы тиіс болатын. Менің отбасым кедей болған жоқ, бірақ екеумізге бірдей ақша жетпейтін. Оның үстіне біз бұрынғыдай бір салмақта болдық. Әлем чемпионаты немесе Олимпиадаға кім баратынын анықтау үшін жекпе-жек өткізуімізге тура келді. Бұл Максимге оңай болмады, маған жол берді. Мен үшін бокспен қош айтысты. Осы әрекеті үшін оған өмір бойы қарыздармын. Біз егіз екенімізді білесіздер. Мен 15 минут бұрын тудым. Максим менің үлкендігімді құрметтейтін. Әрине, бұл әзіл (күліп)», - деп түйіндеді Головкин.




Көрілген: 888    Пікірлер: 0

сенбі, 02.09.2017, 18:26

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
17 Қыркүйек 2017
GGG мен Canelo тең түсті
14 Қыркүйек 2017
GGG туралы 37 факт

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30