Бокс

Головкин - Альварес жекпе-жегінің соққылар статистикасы жария болды

  • © Vesti.kz.

    © Vesti.kz.

Осылайша, Головкин мансап жолында алғаш рет жеңіліс тапты. Ал "Канело" кездесуін екінші рет тең есеппен аяқтап отыр.


Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінің соққылар статистикасы жария болды - деп хабарлайды Vesti.kz.


Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа жалғасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. (118-110 Альвареске, 115-113 Головкинге, 114-114).


Осылайша, Головкин мансап жолында алғаш рет жеңіліс тапты. Ал "Канело" кездесуін екінші рет тең есеппен аяқтап отыр.


Compubox мәліметінше, Головкин 703 соққы жасап, 218-ін дәл тигізді (31 пайызын). Джебтерінің 361-інің 108-і тиген (29,9 пайыз), ал қуатты соқыларының 342-сінің 110-ы (32,2 пайыз) дөп тиген.


Ал Альварес азырақ соққы жасаған (505). Ал 169 соққысы дөп тиген (33,5 пайыз). Мексикалықтың джебтерінің 233-інің 55-і тисе (23,6 пайыз), 272 қуатты соққысының 114-і (41,9 пайыз )дөп тиген.




Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.


Осыған дейін Головкин мен Альварес ресми салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Головкиннің салмағы - 160 фунт. Мұндай көрсеткішті "Канело" да көрсетті. Осылайша, екі боксшы да орта салмақтың ережесі бойынша белгіленген 160 фунтты (72,5 келі) көрсетті.


Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтті. Бокс кеші Астана уақыты бойынша таңғы 06:00-ден бастап Qazaqstan және QazSport телеарналарынан тікелей эфирден көрсетілді. АҚШ-та бұл жекпе-жек (PPV) ақылы жүйе арқылы көрсетілді. Бір телевизордан көру құны 75 доллар болды.




 




Көрілген: 1221    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 17.09.2017, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31