Бокс

Головкин Альварес жекпе-жегі жеңімпазының міндетті қарсыласы белгілі болды

  • © m.vesti.kz

    © m.vesti.kz

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек ұйымдастыруды міндеттеді. Бұл атаққа рейтингте үшінші және төртінші орында тұрған боксшылар таласатын болады.


Уақытша чемпиондық атақ үшін америкалық боксшылар Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) мен Уго Сентено (26-1, 14 КО) шаршы алаңға шығатын болады. Қай жеңгені WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин және мексикалық Сауль Альварес кездесуінің жеңімпазымен кездеседі. GGG мен "Канело" арасындағы екінші кездесу мамыр айында өтуі мүмкін деп күтілуде.


Джермалл Чарло қазірдің өзінде Геннадий Головкиннің WBC чемпиондық атағына үміткер боксшылардың бірі. Әйтсе де бұл ұйымның президенті Маурисио Сулейман қазақстандық боксшының мексикалыққа қарсы екінші кездесуіне кедергі келтірмеу мақсатында Чарломен кездесу өткізуді міндеттемеген еді.


- Чемпиондық атаққа ие Геннадий Головкин мен Сауль Альварес екінші кездесу өткізу үшін келіссөздер жүргізуде. Бұл келіссөздерге кедергі жасамау үшін WBC орта салмақта чемпиондық атаққа міндетті үміткер Джермалл Чарло мен Уго Сентено арасында уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуді ұйғарып отыр, - деді Маурисио Сулейман.


Осыған дейін Джермалл Чарло 2018 жылдың екінші жартысына дейін чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізе алмайтыны жайлы айтқан болатын. Тек WBC уақытша чемпиондық атағына таласуға үмітті екенін жеткізген-ді.


Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамыр күні өтуі мүмкін.


vesti.kz


 




Көрілген: 332    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 03.01.2018, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31