Бокс

Головкин-Алварес жекпе-жегінің билеттері 3 минутта сатылып кетті

  • Головкин-Алварес жекпе-жегінің билеттері 3 минутта сатылып кетті

    Головкин-Алварес жекпе-жегінің билеттері 3 минутта сатылып кетті

Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегінің сатылымға шығарылған алғашқы билеттері 3 минутта сатылып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Punch2theface.com спорттық сайтының журналисі Брэндон Стаббсқа сілтеме жасап.


Оның айтуынша, боксшылар арасындағы кездесудегі ең арзан билеттің бағасы шамамен 300 доллар.


«Осылайша, #CaneloGGG жекпе-жегіндегі 300 доллардың билеттері 3 минутта сатылып кетті... Таңқаларлық жағдай», - дейді Брэндон Стаббс өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.


Айта кетейік, бұл билеттер алдын ала сатылымға шығарылған билеттер болып саналады. Ал ресми түрде билеттер 27 ақпан күні сатыла бастайды.


Sports.kz порталының мәліметіне сәйкес, Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында өтетін екінші жекпе-жектегі билеттердің бағасы 300 доллар, 500 доллар, 700 доллар, 800 доллар, 1 500 доллар, 2 мың доллар, 2 500 доллар және 5 мың долларды құрайды.


Естеріңізге сала кетейік, екі боксшы арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.


Былтыр өткен Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы кездесуде жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген.


 


 




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.02.2018, 22:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31