Бокс

Головкин атағынан айырылып қалуы мүмкін

  • © Daitsuna.News - Daitsuna Group

    © Daitsuna.News - Daitsuna Group

Boxingscene.com ақпараты бойынша, 5 мамырдағы жекпе-жекке қарсылас іздеу Геннадий Головкин мен оның командасын қиын жағдайға алып келді, деп хабарлайды Sports.kz.


Белгілі болғандай, украиндық Сергей Деревянченконың өкілдері IBF-ке осы ұйымның титулын міндетті қорғау үшін өз боксшысының GGG-мен айқасуын сұраған. Украиндық боксшы осы белбеудің міндетті үміткері саналады.


Геннадий соңғы рет осы титулды 2016 жылы Доминик Уэйдпен жекпе-жекте қорғаған еді.


Сондай-ақ, Головкиннің потенциалды қарсыластары ретінде америкалық Ванес Мартиросян мен бразилиялық Ямагучи Фалькао қарастырылып жатыр.


Егер IBF Деревянченко командасының өтінішін қанағаттандырып, бірақ Головкинмен басқа біреу айқасатын болса, бұл ұйым оны өз тұжырымы бойынша оны әлем чемпионы титулынан айыруы мүмкін.


Сондай-ақ, Головкин белбеуді жоғалтпай, Деревянченкомен кездесуге келіссе, рингке 5 мамырда емес, басқа күні шығуға мәжбүр болады.


IBF әзірге бұл мәселе бойынша шешім қабылдаған жоқ.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.04.2018, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31