Бокс

Головкин белбеуін тартып алған ұйымның ТОП-10 рейтингінен шығып қалды

  • © BoxingScene.com

    © BoxingScene.com

Қазақстандық Геннадйий Головкин (38-1-1, 34 КО) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) қазан айындағы жаңартылған рейтингінде төртінші орыннан 11-ге түсіп кеткен, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Маусымнан бері бос қалған IBF белбеуін украиналық Сергей Деревянченконы (12-1, 10 КО) жеңген америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) иеленіп отыр.


IBF жасған орта салмақ рейтингі ұйымның ресми сайтында жарияланған және онда бірінші орын жоқ. Мұның алдында рейтингті Деревянченко бастап тұрған, алайда, ол кезде екінші орын жоқ еді.


Орта салмақта IBF ұйымының ТОП-10 рейтингі:

2. Джек Кулькай (25-3, 13 КО - Эквадор).

3. Мартин Мюррей (37-4-1, 17 КО - Ұлыбритания).

4. Сергей Деревянченко (12-1, 10 КО - Украина).

5. Камил Шеремета (18-0, 4 КО - Польша).

6. Давид Лемье (40-4, 34 КО - Канада).

7. Риота Мурата (14-2, 11 КО - Жапония).

8. Патрик Войжитски (12-0-1, 4 КО - Германия).

9. Джейсон Уэлборн (24-6, 7 КО - Ұлыбритания).

10. Роб Брант (24-1, 16 КО - АҚШ).


Еске салайық, Головкин IBF белбеуін 2015 жылдың қазанынан 2018 жылдың маусымына дейін иеленген. Қазақстандық бұл белбеуді канадалық Давид Лемьеден тартып алған еді. Ал биыл міндетті қарсылас Деревянченкомен жұдырықтасу туралы жазбаша растау бермегені үшін айырылып қалған.


Айта кетейік, қазіргі таңда IBF ұйымының барлық салмағындағы ТОП-10 рейтингінде бірде-бір қазақстандық жоқ. 




Көрілген: 140    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 12:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30