Бокс

Головкин бір белбеуінен айырылуы мүмкін

  • © azh.kz

    © azh.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 33 КО) командасы мен украиналық Сергей Деревянченконың (12-0, 10 KO) өкілдері таяу уақытта кездесіп, IBF тұжырымы бойынша мәндеттелген жекпе-жек мәселесін талқылайды, - деп хабарлайды BoxingScene.com.


Осыған дейін, IBF ұйымы Головкинге белбеуді қорғайтын мерзімді 3 тамызға дейін айтуы тиіс деген шарт қойған еді. Олай болмаған жағдайда қазақстандық боксшы белбеуінен айырылады.


GGG промоутері Том Леффлер ұйым өкілдерінен тағы біршама уақыт сұрауды көздеп отыр, себебі Головкин күзде Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жек өткізуді көздеп отыр.


Головкин - Деревянченко жекпе-жегіне қатысты тыңдалым 22 мамаырда жергілікті уақыт бойынша Нью-Джерси штатында Ньюарк қаласындағы қонақүйлердің бірінде өтеді. Украиналық боксшының промоутері Лу ДиБелла, менеджері Кит Коннолли, Деревянченконың өзі және адвокаты болады. Ал қазақстандық боксшы адвокатын және Леффлерді алып барады.


Осыған дейін Деревянченко Головкиннің промоутерін алаяқ деп, қазақстандық боксшы өз міндетін орындауды талап ететінін айтқан.


Осыған дейін, Головкин 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 КО) жекпе-жекке шығу үшін, яғни IBF тұжырымы бойынша міндеттелген қарсыласпен кейінірек кездесуі үшін 20 мың АҚШ долларын бергені айтылады. 


vesti.kz




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31