Бокс

Головкин чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды

  • © AP Photo / John Locher

    © AP Photo / John Locher

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді ресми түрде әлем чемпионы атағынан айыруға шешім қабылдады, деп жазады Sports.kz.


22 мамырда Спрингфилд қаласында тыңдау өтіп, оған Головкин мен оның IBF бойынша міндетті қарсыласы, украиналық Сергей Деревянченко және олардың командалары қатысты. IBF екі тарапты да тыңдап, бүгін шешім шығарды. Геннадий Головкин IBF белбеуінен ресми түрде айырылады, өйткені 3 тамызға дейін Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекке шығудан бас тартты.


Естеріңізге сала кетсек, Головкин әуелі Сауль Альвареспен шаршы алаңда кездесуі керек болатын, алайда келіссөздер қаржылық келіспеушіліктің салдарынан тығырыққа тірелді. Сонымен бірге, WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке шығуы мүмкін деген болжам айтылып жүр.


Sputnik


 


 




Көрілген: 1001    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30