Бокс

Головкин дамымай қалды - Тайсонның бұрынғы бапкері

  • Головкин дамымай қалды - Тайсонның бұрынғы бапкері

    Головкин дамымай қалды - Тайсонның бұрынғы бапкері

Майк Тайсон мен Александр Поветкиннің бұрынғы бапкері, ESPN арнасының сарапшысы Тедди Атлас орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді сынның астына алды, - деп хабарлайды vesti.kz.


"Осыдан екі жыл бұрын Головкин мен Альварестің жекпе-жегі туралы айтылғанда, мен осы кездесудің қателік болатынын айтқандардың бірі едім. Себебі Альварес өз промоутерлеріне жақсы табыс алып келіп жатты, бірақ Головкин одан әлде қайда мықты еді. Сол себепті де Альварес сол кездері қазақстандықпен жұдырықтасқанда жеңіліп қалары сөззсіз еді. Алайда екі жыл өтісімен, ол дамымай қалды. Оның соңғы екі жекпе-жегі оның әлсіздігін көрсетті. Головкиннің әлсіз тұстарын көрсеткен Джейкобс маған ұнайды.


Ендігіде оған жұдырық жұмсау оңайға түседі. Ол әлемдегі ең жылдам емес, ол еуропалық орта салмақтағы боксшыларды жеңіп, атағын шығарды. Джейкобспен оған қиындау болды. Ендігіде оның қарсыласы Альварес.Мексикалық тым жас әрі жақсы дамып келеді", - деді Атлас Boxingnews24 басылымына берген сұхбатында.


Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.


Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


 




Көрілген: 597    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 06.08.2017, 12:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31