Бокс

Головкин Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңді (фото)

  • Головкин Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңді (фото)

    Головкин Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңді (фото)

 Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Дэниэл Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі. Айта кетейік, бұл Головкиннің мансап жолында 12-ші раундқа созылған тұңғыш жекпе-жегі. Жекпе-жекті екі босшы да сақ бастады. Головкиннің әдеттегідей шабуылға толық басымдықты бермей, қорғанысты да назарға алды. Бір-бірінің осал тұсын аңдыған боксшылар бір-екі сәтте жойқын соққы алмасты. Джейкбос оңай шағылар жаңғақ емесін дәлелдегендей. Қазақстандық боксшы рингте бірінші нөмірмен жұдырықтасса, Дэниэл қарымта шабуылдарда қарсыласын талдыруға барынша тырысты. Дегенмен төртінші раундта қорғанысты ұмыт қалдырған Джейкобстың қателегінін GGG пайдаланды. Головкиннің жойқын соққысынан кейін америкалық боксшы нокаутқа түсті. Алайда төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді. Қазақстандық боксшы қарсыласын соққының астына алуға тырысқанмен Джейкобс сауатты қорғана білді. Осылайша жекпе-жек 12-раундқа созылды. Геннадий Головкин қарсыласын соққының астына алып, кездесу уақытынан бұрын аяқтауға тырысқанмен Дэниэл Джейкобс осал қарсылас еместігін дәлелдеді.Осылайша қазақстандық боксшы үш белбеуін қорғап қалды. Америкалық таңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтуден бас тартып, осылайша ұйымның талабын орындамаған. GGG кәсіпқой рингте осымен 37-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр.






Айта кетейік, Головкин осы жекпе-жектен 2,5 миллион доллар, ал Джейкобс - 1,75 миллион доллар гонорар алады. Олардың жекпе-жегі HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетілгендіктен, боксшылар осыдан да өз пайыздарын алады.




kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 347    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 19.03.2017, 11:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30