Бокс

Головкин "Канеломен" алғашқы жекпе-жегі туралы бар шындықты айтты

  • © AP Photo / John Locher

    © AP Photo / John Locher

Орта салмақтағы бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин ESPN LA радиосына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареске қарсы алғашқы жекпе-жегінде қандай кемшілік жібергенін айтты, деп жазды Sports.kz.


Жекпе-жек өткен жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған болатын.


"Алғашқы жекпе-жек мен үшін де, ол үшін де 100% сәтті болған жоқ. Кейде соққыларым тимей жатты, өйткені ол тым көп қимылдады. Жекпе-жекке дейін ол: "мен нағыз мексикалықпын, мен оның тас-талқанын шығарып, нокаутқа түсіремін" деген еді, тағы басқа осы сарындас әңгімелер айтты. Сонда мен: "жарайды, мен дайынмын, оны қалай жасайтыныңды көрсете ғой" дедім. Алайда рингте ол бір орнында тұрмады, әрі-бері жүрумен болды. Дегенмен, әрине, бұл менің кемшілігім. Оны драмалық стилде ұра алмадым. Ендеше келесі жолы сәті түсіп қалар…", — деді Геннадий Головкин.


Sputnik


 


 




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.05.2018, 15:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31