Бокс

Головкин мен "Канело" екінші рет жекпе-жек өткізетін болды

  • © Sports.kz

    © Sports.kz

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес екінші жекпе-жегі жайлы келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Альварестің мүддесін қорғайтын промоутер Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, кездесу 15 қыркүйекте өтеді. Бұл күн - Мексиканың Тәуелсіздік күнінің уик-энді.


"Кездесудің 15 қыркүйекте өтетінін аса қуанышпен жария етемін, #CaneloGGG2", - деп жазды Оскар де Ла Хойя Twitter желісінде.


Айта кетейік, Головкин мен Альварестің қорытынды келіссөздері ресми жарияланымға бір жарым сағат қалғанда өткен. Бастапқыда Оскар де Ла Хойя ESPN басылымына берген сұхбатында "екінші кездесу өтпейді, бұл 100 пайыз" деп мәлімдеген. Алайда бес минут өткенде тараптар қайта талқылауға көшкен.


Ал одан бір тәулік бұрын мексикалық Сауль "Канело" Альварестің ісін жүргізетін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес қазақстандық Геннадий Головкинге ультиматум қойған. Гоместің сөзінше, олар Головкинге қыркүйекте болуы мүмкін қарымтаның кірісін бөлісу туралы соңғы ұсыныстарын айтқан. Ол шарт бойынша табыс Альварестің пайдасына 57,5-те 42,5 болып бөлінеді.


Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте T-Mobile арнеасында өтіп, төрешілер шешімі бойынша тең аяқталған. Ол кезде қазақстандық түскен табыстың 30 пайызын ғана алған.


 


 


 




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.06.2018, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31