Бокс

Головкин мен «Канело» жекпе-жегін 2 отандық арна тікелей эфирде көрсетеді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекті 17 қыркүйек күні екі бірдей отандық телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.


Жекпе-жек кеші Астана уақытымен 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) «T-Mobile» аренасында өтеді. Отандасымыздың жекпе-жегін «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.


Трансляцияның басталуы 06:00-де. Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 37 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз 2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион. 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы. 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулдарына ие.


Ал, 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды.


Естеріңізге сала кетейік, Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.


 




Көрілген: 327    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.09.2017, 16:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 22:03
    Кіл мықтыда кім мықты?
    17 Қыркүйек, 10:21
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек, 23:18
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30