Бокс

Головкин мен "Канелоның" командалары екінші кездесудің өтетін орынды таңдады

  • © Nur.kz

    © Nur.kz

Оскар Де Ла Хойя "Канело" мен GGG арасында жекпе-жектің өтуіне ештеңенің кедергі келтіре алмайтынын айтты.


Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші кездесуі қайда болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Кездесу Лас-Вегаста өтуі керек. Онымен қоса, көп ареналарға мұндай денгейдегі жекпе-жекті өткізу қиынға соғады. Мысалы, Далласта жекпе-жекті телеарнадан көре алу үшін қонақүй саны жетіспейді, аз. Бұл өте маңызды. Ал Лас-Вегаста туристер баруға болатын ойын-сауық жерлер көп - мейманханалар, шоу...", - деп келтіреді промоутердің сөзін Vesti.kz порталы.


Сондай-ақ, Оскар Де Ла Хойя "Канело" мен GGG арасында жекпе-жектің өтуіне ештеңенің кедергі келтіре алмайтынын айтты.



Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер екінші кездесуді үш аренада ғана өткізуге болатынын айтады. Оладың ішінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena бар. Айта кетейік, олардың бірінші кездесуі осы аренада өткен еді. Бірақ Леффлер жекпе-жектің басқа қалада өтуін қалайтынын мәлімдеді.


Сондай-ақ, Том Леффлер "Канело" өкілдерімен бірге 2018 жылдың 5 мамырында өтетін кездесуді ойластырып, талқылып жатқандарын растады.




Көрілген: 490    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.12.2017, 11:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31