Бокс

Головкин ұзақ уақыт рингке шыға алмай қалуы мүмкін

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Boxingscene.com Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегі болмайтын болса, қазақстандық боксшы ұзақ уақыт рингке шыға алмай қалуы мүмкін екендігін мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.


5 мамырға жоспарланған GGG-ге жекпе-жек қарсылас табудың қиындығына байланысты өткізілмей қалуы да мүмкін. Басылым хабарлағандай, егер Головкин мамырда рингке шықпаса Альвареспен өтетін қарымта жекпе-жекке дейін шаршы алаңға шығуы екіталай болмақ.


Егер «Канело» рингтен 6 айға шеттетілсе, болуы мүмкін реванш 15 қыркүйекке, яғни Мексиканың Тәуелсіздік күніне жақындайды.


Дереккөздің мәліметінше, Альварестің өзі де қарымта жекпе-жекке дейін Головкиннің басқа жарыстарға қатысуын қаламайды екен.


Алайда, егер Альварестің дисквалификация мерзімі алты айдан да ұзаққа созылса, Головкин қарымтаға дейін басқа қарсыласпен қолғап түйістіруі мүмкін.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.04.2018, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31