Бокс

Головкинді нокаутпен жеңемін - Альварес

  • Головкинді нокаутпен жеңемін - Альварес

    Головкинді нокаутпен жеңемін - Альварес

 Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес алдағы жекпе-жекте Геннадий Головкинді нокаутпен жеңуді көздейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Әлбетте, мен жеңіске жетуді көздеймін. Біздің жекпе-жегіміз 12 раундқа дейін созылады, я болмаса, төрешілер шешімімен аяқталады деп айта алмаймын. Сөз жоқ, ол жекпе-жек нокаутпен аяқталады. Себебі екеуіміз де мықты панчерміз. Ал ондай жекпе-жекте міндетті түрде нокаут болады", - дейді Альварес. Бүгінде бокс саласындағы кейбір сарапшылар Головкин-Альварес жекпе-жегі 12 раундқа дейін созылса, жеңісті мексикалық боксшыға беріп қоюы әбден мүмкін деп отыр. Себебі бұған дейін "Канело" бірнеше қарсыласын төрешілер шешімімен жеңгенде, бокс жанкүйерлері де, сарапшылары да онымен келіспей қойған. Осыған байланысты Геннадий Головкинге нокаутпен жеңуге кеңес беріп жатыр. GGG-дің өзі де ол жекпе-жекті нокаутпен аяқтауды көздейді. Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.


inform.kz




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

сенбі, 08.07.2017, 18:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31