Бокс

Головкиннің бапкері екінші кездесуде "Канелоның бір ғана басымдығы болатынын айтты

  • Абель Санчес. Сурет: Bad Left Hook

    Абель Санчес. Сурет: Bad Left Hook

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бас бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының жаттығу залына келетін уақытты асыға күтіп жүргенін айтып, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші кездесуі туралы ойымен бөлісті.


"Біз Головкиннің жаттығу залына келетін уақытты асыға күтіп жүрміз. Оның залда жүрген кезі барлығымыз үшін қуанышты. Өйткені, ол залдағы барлық жігіттер үшін жаттықтырушы секілді. Барлық боксшылар еңбектеніп, Головкинге мықты екендерін көрсеткісі келеді. Том Леффлер (Головкиннің промоутері) мен Golden Boy ("Канелоның" промоутері) тезірек келісімге келіп, боксшыларды залға жуық арада келеді деп сенемін. Себебі, екі боксшы да жаттығу жасамағаны біраз болып қалды. Екінші кездесуде Головкиннің жалғыз басымдығы - оның жасы ғана болмақ. Ол жастау. Бірақ Головкиннің тәжірибелі боксшы. Оның үстіне әуесқой бокста жинаған тәжірибесі де бар. Бұл үзіліс Головкин үшін қиындық туғызбайды деп сенемін. Жуық арада ол бабына келіп алады", - дейді Санчес BoxingScene.com порталына берген сұқбатында.


Айта кетейік, қазіргі уақытта Альварес жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті. Мексикалық боксшы екінші кездесуді ұйымдастыру үшін командасына рұқсат беріп қойды.


Бұған дейін Fox Deportes порталы екі боксшының командалары екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келісімге келіп қойғанын хабарлады. Порталдың мәліметі бойынша, "Канело" мен Головкин арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Синко де Майо мерекесінде өтеді екен.


Дегенмен жекпе-жектің қай жерде өтетіні әлі белгісіз. Кездесуді қабылдауға үміткер кешендердің ішінде Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінің мүмкіндігі жоғары екен.


vesti.kz




Көрілген: 628    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.01.2018, 10:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31