Бокс

Головкиннің промоутері екінші кездесудің өтетін жері және төрешілер туралы пірікін білдірді

  • © Kursiv.kz

    © Kursiv.kz

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер BoxingScene.com сайтына берген сұхбатында мексикалық Саул "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші жекпе-жектің өтетін орны мен төрешілері туралы пікірімен бөлісті.


Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің өтетіні туралы бірнеше сағаттар бұрын белгілі болды. Жекпе-жек 5 мамыр күні өтеді. Кездесуді НВО арнасы ақылы жүйе (PPV) арқылы тікелей эфирде көрсетеді.


Қазіргі уақытта бұл кездесуді қабылдауға басты үміткерлер - Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" спорт кешені болып тұр. Дәл осы спорт кешенінде бұл екі боксшы арасындағы бірінші кездесу өтіп, тең аяқталған болатын. Сонымен қатар Нью-Йорктағы "Madison Square Garden" аренасы да кездесуді қабылдауға ниетті. Леффлердің айтуынша, екінші жекпе-жектің өтетін орны екі немесе үш апта көлемінде шешіледі.


"Әрине, Лас-Вегасқа қайта баруға біраз алаңдаушылықтар бар. Бірақ біз кез-келген мәселені жоюға тырысамыз. Ең сенімді және тәжірибелі төрешілерді аламыз деген үміттемін. Сондықтан олар біреу емес үшеу.


Өткен жолы төрешілердің бірі Головкиннің жеңіп тұрған раундтын тең деп есептен жіберді. Мен негізі төрешілер туралы айтқым келмейді. Бірақ екінші кездесуде де екі боксшының командасы әділ шешімге қол жеткізу үшін төрешілердің жұмысын мұқият бақылайтын болады.


Біз Лас-Вегас қаласында керемет уақыт өткіздік. Лас-Вегаста бірнеше шоу өткіздік. Сондықта Вегаспен немесе коммиссиямен ешқандай проблемма жоқ. Бірақ бірінші кездесуді бір төрешінің шешімі күмән тудырды. Невада штатын қорғау үшін айтайын, тең нәтижені тіркеген төреші Лас-Вегастан емес еді. Келесі жолы біз Golden Boy промоутерлерімен ең тәжірибе деген төрешілерді таңдайтын боламыз.


Екі таратптың да қалайтыны - әділ есеп. Тек мықты жеңіске жетсін. Өкінішке қарай, бір немесе екі төрешінің ақылға сыймайтын көрсеткіштері, бокс кешіне жалпы спортқа кері әсерін тигізіп жатады. Жанкүйерлер төрешілердің шешімі туралы емес, шаршы алаңдағы жекпе-жек туралы айтуы керек. Сондықтан да бұл жолы Эрик Гомес пен мен Невада штатының коммиссиясымен ақылдасып, төрешілер тарапынан болатын келеңсіз жағдайға жол бермейміз деп сенемін"-, дейді Леффлер.


vesti.kz

 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.01.2018, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31