Бокс

Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан қалай құтылды?

  • Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан қалай құтылды?

    Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан қалай құтылды?

Невада штатының Спорттық комиссиясының (NSAC) басшысы Боб Беннет Геннадий Головкин - Сауль Альварес жекпе-жегінде жеңісті мексикалыққа берген төреші әйел Аделаида Бердтің бұдан ары қалай жұмыс істейтіні жайлы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу қорытындысы бойынша Берд 118-110 ұпайын Канелоның пайдасына берген еді. Бұдан кейін рефериге қарай сын қарша борады. Бокс жанкүйерлері оны төреліктен қуу керек дегенді айтқан. Тіпті Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойяның өзі оның есебімен келіспеген.

Мұның алдында Боб Беннет мексикалық Сауль Альварес Головкинді 118-110 есебімен жеңді деген судья Аделаида Бердпен бірге жекпе-жекті қайта қарап, одан әрбір раундта берген бағасын түсіндіріп беруін талап етуге уәде берген еді. "Біз Аделаидамен бірге жекпе-жекті көреміз, әрбір раундты. Ол маған не көргенін, қалай көргенін және әр боксшыға неліктен сондай баға бергенін түсіндіріп беретін болады. Әрине, қателеспеген бокс төрешілері жоқ. Ол бұл жолы қателік жіберді, біз қажетті шараларды қолданамыз", - деген еді Боб Беннет. Көпшілігі басы дауға қалған төрешіні жұмыстан шеттетеді деп күткен. Алайда Баннет Las Vegas Review Journal басылымына берген сұхбатында төрешінің шеттетілмейтінін айтты. Айтуынша, рефери кішігірім үзіліс алыпты. "Ол шеттетілген жоқ. Біз онымен бірге жекпе-жекті қайта қарап, оның есебін санадық. Ол кішігірім үзіліс алса, осы да жеткілікті деп шештік. Таяуда ол жұмысына оралады. Оның алдағы чемпиондық жекпе-жектерде төрелік ету-етпеуін әлі шешкеніміз жоқ. Бұл өте сәтсіз түн болды. Төреші өз қалпына келсек, бұдан ары жұмыс істей береміз деп ойлаймын", - деді NSAC басшысы.

 




Көрілген: 887    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.10.2017, 11:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31