Бокс

Жақиянов өз шегіне жетті. Енді Барнетті жеңсе, ғажайып болады - америкалық сарапшы

  • © BoxRec

    © BoxRec

KnucklesandGloves.com және TheFightCity.com порталдарының шолушысы Патрик Коннор Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында IBF чемпионы Райан Барнетт пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық Жанат Жақиянов арасындағы жекпе-жекте британиялық боксшы жеңіске жетеді деп болжам жасады.


"Жақиянов жетер шегіне жетті. Барнетт бұл кездесуде Уорренің қателіктерін қайталамайды. Меніңше, Белфастта ол ұпай санымен жеңіске жетеді. Жеңіс анық көрінеді. Жақиянов мүмкін емеске қол жеткізген, Уорреннен жеңіліп жатып, жеңіске жете алды. Алайда сәттілік кез келген уақытта қазақстандықан кері бұрылуы мүмкін. Келесі жекпе-жекте солай болады. Ол Барнетті жеңуі мүмкін емес", - дейді Коннор.


Мұның алдында MMAPlus.co.uk порталының журнлаисті Бен Смит қазақстандықтың промоутері Филлип Фондю келесі қарсылас ретінде Барнетті таңдап қателік жасады деген болатын.


Фондю ресми түрде Барнетт пен Жақиянов жұдырықтасатынын мәлімдеген. Жекпе-жек 21 қазанда Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы SSE Arena алаңында өтетінін айта кетейік.


Еске салйық, Жақиянов 11 ақпанда АҚШ-тың Толедо қаласында Роуши Уорренді жеңіп, WBA (Super) және IBO белбеулеріне ие болған. Кейін боксшының командасы IBO белбеуінен бас тартқан болатын.


 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 15.08.2017, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31