Бокс

Жақиянов пен Барнетт кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды

  • Жақиянов пен Барнетт кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды

    Жақиянов пен Барнетт кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды

Жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов 27-1, 18 КО) арасындағы кездесу қай уақытта басталатыны белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне қазақстандық боксшының менеджері Филипп Фондю айтты.


Филипп Фондюдің айтуынша, қазіргі уақытта Белфест қаласында (Солтүстік Ирландия) өтетін бокс кешінің кестесі Sky арнасымен талқыланып жатыр екен. Дегенмен де екі боксшының да командасы алдын ала құрылған жоспардан шығып кетпейді.


"Қазір біз бокс кешіне қатысатын барлық боксшылардың шаршы алаңға шығатын уақытын бекітіп қойдық. Тіпті ол кестенің алдын ала жасалған нұсқасын да көрсетуге болады. Өйткені, Sky арнасымен де келісімге келдік. Жекпе-жекті көрсету құқығы толығымен осы арнаға тиесілі. Дейтұрғанмен де біз барлығын жоспар бойынша жариялап отырамыз.


Қазір Жақиянов пен Барнетт арасындағы бокс кешінің қай уақытта басталатынын айтуға болады. Бокс кеші Астана уақытымен 00:30- да (21 қазаннан 22 қазанға ауысқан түні) басталады. Ал кештің басты жекпе-жегіне шығатын Жақиянов пен Барнеттің кездесуі 03:45-те басталады деп жоспарлап отырмыз", - дейді Фондю.


Айта кетейік, бұған дейін аталған жекпе-жек кешін Қазақстан аймағында да тікелей эфирде көрсетілетіні белгілі болды. Жергілікті арналардың біріне еуропалық Silver Spring Media компаниясы трансляцияны жеткізіп береді.


Еске салайық, бұл кешке Жанат Жақиянов жеңіл салмақтағы WBA (Super) белбеуін бірінші рет қорғайды. Ал өз кезегінде Барнетт бұл кездесуде IBF белбеуін ортаға салады.


Бұл бокс кеші 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.




Көрілген: 599    Пікірлер: 1

сенбі, 07.10.2017, 23:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31