Бокс

Жеңіліп көрмеген Жанқош Тұраров 10 раунд бокстасып жеңді

  • Жеңіліп көрмеген Жанқош Тұраров 10 раунд бокстасып жеңді

    Жеңіліп көрмеген Жанқош Тұраров 10 раунд бокстасып жеңді

 Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам - Брэндон Кук жекпе-жегі аясындағы бокс кеші аяқталып келеді, деп жазады Qamshy.kz.


Бокс кешінің андеркартында соңғы болып Жанқош Тұраровқа қарсы Бруно Леонардо Ромэй қазақы шапанмен шықты. Оның қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэй кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, 21 кездесуінде жеңіске жеткен. Жанқош Тұраров болса кәсіпқой рингте 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 кездесуінде отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірген. Жанқош Тұраров пен Бруно Леонардо Ромэй арасындағы кездесу 10 раундқа созылды. Қос боксшы да алғаш рет 10 раундқа дейін бокстасты.


Айта кетейік, жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Жанқош Тұраров WBA рейтингінде 10-шы сатыда.


Еске салсақ, 26 жастағы жерлесіміз Жанқош Тұраров 2 апта бұрын Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген болатын. Онда «Қарсыласым мықты. Бірақ ел намысы үшін есемді жібермеймін!» деген ол, «Аллаға шүкір деймін, 21 кездесу өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтадым. Жеңістерімнің ешқандай сыры жоқ. Түбінде маңдай терім аққан қаншама еңбек, қиындық жатыр. Психологиялық, моральдық тұрғыда өз-өзіңді шыңдап, дайындап, жаттығып, қиындықтардың бәрін өткеріп жүрген жайымыз бар. Соның бәрін Алланың өзі көріп, бізге жеңіс сыйлап жатқан болар.


Мені биікке, жеңіске жетелейтін – әке-шешем, әжем, жұбайым, бауырларым. Соларға қарап өмірге деген құлшынысым одан сайын арта түседі. Мені жеңіске жетелейтін – осы кісілер», - деген еді өзінің жеңістерінің сырымен бөлісіп.


Айта кететін болсақ, кештің алғашқы жекпе-жегін Мейірім Нұрсұлтанов пен бразилиялық Исмаэль Буено бастап, кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, екеуін жеңіспен аяқтаған жерлесіміз алғашқы секундтарда-ақ, қарсыласын тықсырып тастады.


Екінші болып шаршы алаңға көтерген Димаш Ниязов Эдуардо Перейра дос Рейшпен қолғап түйістіріп, қарсыласын төрешілердің берген бағасы бойынша 2:1 ұпай санымен жеңді.


Үшінші болып шаршы алаңға Айдос Ербосынұлы мен Аргентиналық қарсыласы шыға сала қуалап жүріп сабады.


10 раундтан тұратын төртінші жекпе-жекке 20 боксында 18 жеңісінің 7-сін нокаут жасаған америкалық Томас Джастин Берилл мен қандасымыз Әли Ахмедов шықты. Әли Ахмедов 8 раундта қарсыласын 2 рет құлатып, жеңіске жетті.


Қанат Исламмен бірге бір ай дайындалған Нұрсұлтан Жаңабаев шыға сала Алекс Сандро Дуартені ұрып құлатты. Нұрсұлтан Жаңабаев алғашқы кездесуінде-ақ WBA чемпиондық белдіктерінің бірін иеленген.


Алтыншы жекпе-жекте Руслан Мырсатаев пен Андрес Матиас Аффраниль шығып, қарсыласы Русланның соққысына шыдаймай 4 раундта соққыға шыдамай серейіп құлады.


Шаршы алаңның жетінші жұбы 2013 жылғы әлем чемпионы, Рио олимпиадасының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлы мен Жильберто Перейра дос Сантос та жерлесіміздің пайдасына шешілді.


Бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.


Qamshy.kz




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

сенбі, 09.09.2017, 22:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31