Бокс

Қанат Ислам WBA белбеуі чемпионының міндетті қарсыласы атануға мүмкіндік беретін жекпе-жектен бас тартты

  • © Vesti.kz

    © Vesti.kz

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) осы салмақта WBA белбеуінің чемпионының міндетті қарсыласы болуы үшін өтуі керек болған америкалық боксшы Джон Верамен (18-0, 11 КО) кездесуден бас тартты.


Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне америкалық боксшының командасының өкілі айтып берді.


Дереккөздің айтуынша, Қанат Исламның командасына барлық сұраған қаржыны беруге дайын болған екен. Бірақ қазақстандық боксшы сонда да бұл ұсынысты қабылдамапты. Дегенмен де Қанат Исламның нақты не себептен жекпе-жектен бас тартқаны туралы ештеме айтылмады.


Қазір Вераның командасы Қанат Ислам рейтингінде бірінші тұрған WBA шешімін күтіп отыр екен.


Еске салайық, 21 қараша күні ұйым екі боксшының командасына жекпе-жекті ұйымдастыруға бір ай уақыт берген болатын. Қай жеңгені осы салмақтағы суперчемпион Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсыласы атанатыны туралы да айтылған.


Ал бұған дейін Вераның командасы Қанат Исламның командасымен келіссөз басталғаны туралы хабарлаған еді. Өз кезегінде қазақстандық боксшы да жуық арада екі кездесу өткізетінін айтты. Оның бірі жуық арада АҚШ-та өтсе, екіншісі мамыр айында Астана қаласында өтетінін хабарлады.


 




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

жұма, 05.01.2018, 18:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30