Бокс

Қанат Ислам WBC рейтингінде екі сатыға көтерілді

  • Қанат Ислам WBC рейтингінде екі сатыға көтерілді

    Қанат Ислам WBC рейтингінде екі сатыға көтерілді

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental титулының иегері Қанат Ислам (24-0, 19 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тамыз айындағы рейтингінде екі сатыға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Жаңартылған рейтингіде Қанат 21-ші орында, ал қарсыласы Брэндон Кук (18-0, 11КО) 19-шы орынға жайғасқан. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBC International титулының иегері Бекман Сойлыбаев 25-ші орыннан, бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев 37-ші орыннан көрінді.


Айта кетейік, Қанат Ислам WBC ұйымының рейтингіне алғаш рет ағымдағы жылдың маусым айында ілігіп, 25-ші орында болған. Ал шілде айының жаңартылған рейтингісінде Қанат 23-ші орынға жайғасқан.


Бұл күнде Қанат бірінші орта салмақта WBA нүсқасы бойынша Inter-Continental және Fedelatin, WBO Inter-Continental және NABO титулының иегері атанып отыр. Ал бұл салмақта WBC және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы америкалық Джермелл Чарло және Джарретт Хёрдке, WBA және IBO тұжырымы бойынша супер чемпион және тұрақты әлем чемпионы титулы кубалық Эрисланди Лараға тиеселі.



Саул Альварес бірінші орта салмақтан орта салмаққа ауысқаннан кейін, WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атақты 26 тамыз күні кубалық Мигель Котто және жапондық Йошихиро Камегаи сарапқа салады.


Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Қанат Ислам Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында канадалық Брэндон Кукпен жұдырықтасады.




Көрілген: 324    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 25.08.2017, 20:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31