Бокс

Қанат Ислам WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді

  • © Vesti.kz

    © Vesti.kz

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғары көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.


WBO жаңартылған рейтингінде Қанат Ислам бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға жайғасыпты. Рейтингтің көшін британдық Лиам Смит бастап тұр. Үшінші орында WBO (International) белбеуінің иегері, ресейлік боксшы Магомед Кубонов орналасқан.


Еске салайық, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.


Қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады. Екі боксшының командасында жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күн бар. Кері жағдайда кездесу бәссаудаға қойлады.


 




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.12.2017, 18:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31