Бокс

Қанат Ислам қарсыласы Верамен болатын айқастан бас тартқан жоқ

  • Қанат Ислам қарсыласы Верамен болатын айқастан бас тартқан жоқ

    Қанат Ислам қарсыласы Верамен болатын айқастан бас тартқан жоқ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (25-0-0, 20КО) командасы FaceBook-тегі ресми парақшасында мәлімдеме жариялап, Қанаттың Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) белгілеген міндетті қарсыласы Жон Верамен (18-0-0, 11КО) болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Боксшының командасы отандасымыздың жекпе-жекке дайындалып жатқанын айта келіп, бұл күнде келіссөздердің жүріп жатқаны және Қанат жекпе-жектен бас тартты деген ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді.


«Біз тек келіссөз жұмыстары жүріп жатқанын ғана білеміз. Өзіміз көптен күткен Әлем чемпионы атағына жақындататын бұл айқастан қалай бас тартамыз? Қанат Ислам бұл жекпе-жектен бас тартқан жоқ. Бұл ақпарат қайдан шыққанын анықтаймыз» -, деп жазылған мәлімдемеде.


Айта кетейік, бұған дейін отандық БАҚ-тарда Қанат Исламның Верамен болатын кездесуден бас тартқаны туралы хабарланған болатын.


Еске сала кетейік, WBA қауымдасты 21 қарашада Қанат Исламның міндетті қарсыласы ретінде америкалық Жон Вераны белгіледі. Жекпе-жекті ұйымдастыруға екі боксшының командасына 30 күн уақыт беріліп, жеңгені WBA чемионы Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсыласы атануға мүмкіндік алады.


 




Көрілген: 636    Пікірлер: 0

жұма, 05.01.2018, 22:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30