Бокс

Қанат Исламның Брэндон Кукке қарсы жекпе-жегіне санаулы сағаттар қалды

  • Қанат Исламның Брэндон Кукке қарсы жекпе-жегіне санаулы сағаттар қалды

    Қанат Исламның Брэндон Кукке қарсы жекпе-жегіне санаулы сағаттар қалды

 Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам (24-0-0, 19 КО) мен канадалық Брэндон Кук (18-0-0, 11 КО) арасында жекпе-жек өтеді. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткелі отырған бокс кеші жергілікті уақытпен сағат 18:00-де басталады деп хабарлайды Baq.kz.


Қанат Ислам мен Брэндон Кук WBA Inter-Continental тұжырымындағы WBO NAB белдігіне таласады.


Айта кетсек, бұл Қанаттың кәсіпқой бокстағы 25-ші кездесуі. Қазірге дейін оның еншісінде WBA Inter-Continental тұжырымы бойынша чемпион, бірінші орта салмақта WBA Fedecaribe, WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, WBO NABO белдіктері бар.


Сондай-ақ аталған бокс кешінде Жанқош Тұраров, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Али Ахмедов, Жәнібек Әлімханұлы, Димаш Ниязов, Айдос Ербосынұлы және Нұрсұлтан Жаңабаев секілді қазақстандық боксшылар сынға түседі.


Бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.


Baq.kz.




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

сенбі, 09.09.2017, 14:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31