Бокс

"Канело" Альварес Головкиннің командасы қойған басты шартты орындады

  • © Today.kz

    © Today.kz

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әоем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) WBC және VADA ұйымдарының допингке қарсы ұйымдастырылған "Таза бокс" бағдарламасына қайтып келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бұл туралы мексикалық боксшы Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.


"VADA ұйымымен жыл бойы тестілеуден өтуге келісімшартқа қол қойғанымды хабарлағым келеді", - деді Альварес.


Бұл дегеніміз ендігіде "Канело" жыл бойы жекпе-жегі бар не жоғына қарамастан кез келген уақытта допинг сынамасын тапсырып отырады. Ол тестілеудің қашан басталатынын нақты айтқан жоқ, алайда олар қазірден бастап жұмыс істейтін секілді.


Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауыстырып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті.


4-сәуір күні Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты.


Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16-қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді. 




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31