Бокс

"Канело" допинг-сынақтан өте алмады

  • © xsport.ua

    © xsport.ua

ESPN телеарнасының тілшісі мен АҚШ-тағы ең танымал шолушылардың бірі Дэн Рафаэль мексикалық боксшы ауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) маңайындағы допинг дауының тағы бірнеше деректерін жариялады.


"Канелоның" допинг-сынамасының оң нәтижесін берген туралы ақпарат бүгін шықты. Енді бұл жаңалықтан кейін 5-мамыр күні Лас-Вегаста өтетін Головкин мен Альварес арасындағы кездесу болмай қалуы мүмкін.


Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.


Шолушының мәліметі бойынша, Головкинмен өтетін кездесудің алдында "Канело" бір емес, екі бірдей допинг-сынақтан өте алмапты.


"Мексиканың Гвадалахара қаласында жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан Альварес 17 және 20-ақпан күні зәрін тапсырған. Екі тест те оң нәтижесін беріп, кленбутерол дәрумені табылған, деп жазылды VADA президенті Маргарет Гудманның хатында.


Сондай-ақ хатта Гудман Невада штатының Атлеттер комитетін бұл мәлімет туралы хабар беріп қойғанын және комиссия нақты бір шешім қабылдауы үшін Альваресті әлі де допинг-сынақтан тексеретіні туралы жазылған. "Канело" тез арада В сынағынан өтуге мүмкіндігі бар",- деп жазды Рафаэль өзінің ESPN сайтындағы блогында.



Бұған дейін Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.


Golden Boy промоутерлік компаниясы таратқан мәлімет бойынша, "Канелоның" ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы мүмкін екені айтылады. Ал Альварестің өзі болса кінәлі емес екенін дәлелдеу үшін кез-келген тесттен өтуге дайын екенін айтты. Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес болса мексикалық боксшы бұған дейін оншақты рет допинг-сынақтан өтіп, бірде бір рет қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылмағанын жеткізді.


Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobileв спорт кешенінде өтеді. Бұл боксшылардың жекпе-жегі кейінге қалған туралы ресми мәлімет шыққан жоқ. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.


Головкин мен "Канелоның" допинг-сынақтары "VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) тексеріп отырады. Боксшылар бұл сынақтан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырып отырады. 




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.03.2018, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30