Бокс

"Канело" Головкинге қарсы алғашқы жекпе-жек алдында допинг қолданды ма?

  • © AP Photo / John Loche

    © AP Photo / John Loche

Невада штаты Атлетика комиссиясының атқарушы директоры Боб Беннетт Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин айтқандай былтырғы жекпе-жек алдында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің допинг қолданғанын жоққа шығарды.


Головкин мен "Канело" арасындағы 2017 жылдың қыркүйегіндегі кездесу тең аяқталған болатын. Енді қарымта жекпе-жек биыл 5 мамырда өтеді.


Алайда биыл ақпан айында "Канелоның" екі допинг сынамасынан тыйым салынған препарат – кленбутерол табылған. Оқиғаны тергеумен Невада штатының Атлетика комиссиясы айналысты, мексикалықтың мамырдағы кездесуге қатысатын-қатыспайтынын осы комиссия шешуі тиіс.


Ал осы апта басында Головкин батыстық БАҚ-қа берген сұхбатында, бірінші кездесуде "Канелоның" денесінен екпе іздерін байқағанын айтып өткен еді. Невада штаты Атлетика комиссиясының атқарушы директоры осы пайымдауға қатысты пікір білдіруді жөн көріпті.


"Головкинге қарсы күзгі жекпе-жекке дейін Альварестің ағзасынан күш-қуатты арттыратын немесе басқа да тыйым салынған препараттар тапқан жоқпыз", — деп мәлімдеді Бенетт Los Angeles Times басылымына.


Sputnik


 


 




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

сенбі, 24.03.2018, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30