Бокс

"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Бокстан екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы 27 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канало" Альварес (49-1-1, 34 КО) карьерасын қашан аяқтайты туралы айты, деп жазады BoxingScene.com порталы.


"Шынымды айтсам, мен карьерамды аяқтау туралы ойландым. Бірақ бокстан жасым 34 не 35-ке келгенде кетемін. Дәл қазір менің барлық өмірім бокспен байланысты. Күш-қуатым бар кезде жекпе-жек өткізе беремін. Дегенмен бокста кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін сіздің денеңіздің өзі бокстан бас тартады. Сол уақыт келгенде мен бірден боксты қоямын. Ол уақытқа дейін карьерамды жалғастырамын", - дейді "Канело".


Айта кетейік, қазіргі уақытта "Канело" кәсіпқой бокс шаршы алаңында 51 кездесу өткізіп, оның 49-да жеңіске жетсе, бір кездесуде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. 34 кездесуде мексикалық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірген.


Өзінің келесі кездесуін Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы - орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) болады.


vesti.kz


 




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.08.2017, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31