Бокс

"Канелоның" қолын орауға қатысты Головкин берген шағым бойынша шешім шықты

  • Сауль

    Сауль "Канело" Альварес. Сурет: Las Vegas Review-Journal

BoxingScene.com тілшісі Кит Айдек твиттер желісінде WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) қолын орау тәсіліне қарсы наразылығына жауап берілгенін жазды", - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Невада штатының Атлетикалық комиссиясы мен Головкиннің командасы "Канело" сенбідегі бокс кешінде қолын орауға қанша тейп қолдана алатынын туралы келісімге келді. Головкиннің бапкері оның атынан аптаның басында наразылық білдірген болатын", - деп жазыпты Айдек.


Айта кетейік, наурызда Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жек алдында қолын тыйым салынған тәсілмен - дәке мен жолақ матаны кезегімен орап отырған сәтінде үстінен түскенін мәлімдеген. Санчес бұл туралы испекторға айтқанымен, ол керісінше бапкердің өзіне ескерту жасаған.


Кейін желіде Альварестің қолын ораған сәттегі видеосы жарияланды. Ал Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) бұл тәсілге өздерінің ұйымында тыйым салынбағанын мәлімдеген.


Айта кетейік, Головкин мен "Канело" қарымтасы алдағы жексенбіде Астана уақыты бойынша таңғы 08:00 мен 08:30 аралығында көрсетіледі.  




Көрілген: 6901    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 15:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30