Бокс

"Канелоның" командасы Головкинмен екінші кездесудің шарттары туралы келіссөз бастауға дайын - Леффлер

  • "Канелоның" командасы Головкинмен екінші кездесудің шарттары туралы келіссөз бастауға дайын - Леффлер

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер ESPN Deportes басылымына берген сұқбатында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) командасы екінші кездесуді ұйымдастыру үшін келіссөз бастауға дайын екенін айтты.


"Егер екінші кездесудің мәселесі бізге байланысты болған болса, келісімшартқа осыдан бір ай бұрын қол қойып, жарнамасын жасап жүретін едік. Менің ойымша екінші кездесудің мәселесін шешу үшін бізге желтоқсанның соңына дейін уақыт бар. Сосын 5 мамырда өтетін кездесуді жарнамалауға кірісеміз.


Бүгін таңертең мен Эрик Гомеспен (Golden Boy компаниясының президенті) сөйлестім. Ол маған екінші кездесу туралы келіссөздерді осы аптада бастайтынымызды айтты. Біз өз тарапымыздан дайынбыз. Жекпе-жекті тезірек ұйымдастырғымыз келеді. Егер "Канело" жекпе-жектің 5 мамыр күні өткенін қалайтын болса, біз дайынбыз. Бізге тек жекпе-жектің кейбір мәселелерін шешіп алуымыз керек. Головкин кездесуге сақадай-сақ.


"Канело" кездесуден бас таратын болса, Головкин бір кездесу өткізеді. Ол наурыз немесе сәуір айында өтетін шығар", - дейді Леффлер.


Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі белбеулерін сақтап қалды. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір бұл туралы екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр.


vesti.kz


 




Көрілген: 224    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 06.12.2017, 11:44

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
11 Қараша, 22:03
Кіл мықтыда кім мықты?
17 Қыркүйек, 10:21
GGG мен Canelo тең түсті
14 Қыркүйек, 23:18
GGG туралы 37 факт

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31