Бокс

«Канелоның» промоутері Головкинмен реваншқа қатысты мәлімдеме жасады

  • © Spotrs.kz

    © Spotrs.kz

Қыркүйекте өтетін Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне қатысты келіссөздерге оң көзқарас танытып жүрген Оскар де ла Хойя аяқ астынан мүлде қарсы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Spotrs.kz.


Оның айтуынша, GGG тарапы мәміленің қаржылық жағына қатысты талаптарынан бас тартқысы келмейді, сондықтан Golden Boy Promotions Дэниэл Джейкобстың промоутері Эдди Хирнмен келіссөзді бастап кеткен.


«Головкин айтқанынан қайтпай отыр және гонорарды 50/50 қылып бөлгісі келеді, сол себепті кездесу болмайды. Дэниэл Джэйкобстың үстелінде 15 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жектің келісімшарты жатыр. Эдди Хирнге бұл ой ұнайды. Біз де қарсы емеспіз. Сондықтан ары қарай жылжып, «Канелоның» 15 қыркүйекте мықты қарсыласпен кездесуіне жағдай жасаймыз. Біз үшін соңғы мерзім - айдың ортасы, себебі орнымыздан қозғалу керек. Демеушілеріміз дайын, біз тек жанкүйерлерге мықты жекпе-жек ұсынғымыз келеді. Өкінішке орай, Головкин талабынан бас тартпады, ал біз ары қарай ілгерілей бермекпіз», - деді Де ла Хойя ESPN.com-ға берген сұхбатында.


Сонымен қатар, промоутер өз талаптарынан бас тартпайтынын айтып кетті.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 136    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.06.2018, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30