Бокс

Кәсіпқой бокс: «Қазақ» пен «Жаман бала» салмақ өлшеу рәсімінен өтті

  • Кәсіпқой бокс: «Қазақ» пен «Жаман бала» салмақ өлшеу рәсімінен өтті

    Кәсіпқой бокс: «Қазақ» пен «Жаман бала» салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Бүгін Астанадағы "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында Қанат Ислам (24-0, 19КО) мен оның ертеңгі қарсыласы - канадалық Брэндон Кук (18-0, 11КО) салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Таразыға алдымен Брэндон Кук шығып, 68,4 келіні көрсетті. Қанат Ислам болса, одан бір келіге асты. "Қазақтың" таза салмағы 69,6 келіні құрады. Бір келі айырмашылығына қарамастан, екі боксшы да бірінші орта салмақтың межесінен шыға білді.


Шараға Ислам-Брук жекпе-жегінің андекартында өнер көрсететін қазақстандық боксшылар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0, 5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО), Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1КО) және олардың барлық қарсыластары қатысып, өз салмақтарын рәсімдеді. Боксшыларды қолдауға жиналған xалықтың қарасы көп болды.


Айта кеткен жөн, бокс кеші 9 қыркүйекте Астанадағы "Сарыарқа" велотрегі ғимаратында өтеді. Онда өнер көрсететін қазақ боксшыларының біреуі де осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген. Қанат Исламның қарсыласы - Брэндон Кук та жеңіліске тап болған емес. "Қазақ" пен "Жаман бала" (Куктың лақап аты - авт.) бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқасының чемпиондық атақтарын сарапқа салады.



Арман Асқаров


 




Көрілген: 835    Пікірлер: 0

жұма, 08.09.2017, 20:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31