Бокс

Қазақ жігіті «Қытайдың бокс королі» атанды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жыл сайынғы Қытайдың «Бокс королі» чемпионатының 2017 жылғы додасы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



6 қаңтар күні Хаңжоу қаласында 75 келіге дейінгі салмақта кездесулер өтіп, шынжаңдық қазақ бокс шебері Тоқтарбек Таңатқан осы доданың чемпионы Уын Инхаңды ұтып, «король» чемпиондық белдігін жеңіп алды.



People Daily порталының хабарлауынша, оның бұл жолғы қарсыласы Уын Инхаң бұдан бұрын Тянжинде өткен бокстан ел біріншілігінде 75 келіге дейінгі салмақ санаты бойынша алтын медаль иегері, сонымен қатар осы турнирдің екі мәрте «Қытайдың бокс королі» атанған.



Ал Тоқтарбек Таңатқан кейін шыққан боксшы. Ол бұған дейін осы аталған жарысқа қатысып, күміс медаль еншілеген. Оның сол кездегі қарсыласы да дәл осы Уын Инхаң болған екен.



Бұл жолғы 8 раундқа созылған айқаста төрешілер 2:1 деген есеппен Тоқтарбек Таңатқанға 2017 жылғы бокстан Қытайдағы «бокс королі» атағын берген.



 




Көрілген: 748    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.01.2018, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30