Бокс

Қазақ қызын жеңген вьетнамдық еркек боксшы болып шықты

  • CC0

    CC0

Сәуірдің 19-27 аралығында Тайланд елінің астанасы Бангкокта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Сайыс барысында адам айтса сенгісіз тосын жағдай болды, деп хабарлады Алтайньюс.


Мұнда құрлықтың отыздан астам елінен келген кіл мықты спортшылар жарыс жолына шықты. Жасөспірімдер өз салмағының үздігі атанып, Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін бақ сынасты. Атап өтерлік жайт, еліміз былғары қолғап бәсекесінде Азия құрлығында теңдессіз екенін тағы бір дәлелдеді. Он алтын, төрт күміс және төрт қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте алғашқы орыннан көрінді. Жоғарыда айтылған тосын жайт бұл емес еді.


Шығысқазақстандық Еркежан Дәулетжанқызы 57 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иелену үшін шаршы алаңға шыққан. Оған дейін бұрымды боксшымыз Индонезия, Моңғолия, Жапония елдерінен келген спортшыларды тас-талқан етіп жеңді. Ал алтын жүлде сарапқа салынған кездесуде төрешілер барлық раундта басымдықты Вьетнам елінің өкіліне берді. Артынан белгілі болғандай, ол жынысын ауыстырған ер бала болып шықты. Иә, шынымен де осындай оқиға болды. Еркежанның жаттықтырушысы Арман Тыныбаевтың айтуынша, вьетнамдық боксшы өткен жылдың қараша айында Үндістандағы әлем чемпионатында топ жарған. Сол жерде ол Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама иеленеді.


"Оның қимылы, күлгені, жұдырықтасу мәнері ер балаға қатты ұқсады", – дейді Арман Тыныбаев.


Азия чемпионаты кезінде ол өзіне көп назар аудартты. Сайыс мәресіне жеткен соң, AIBA халықаралық бокс қауымдастығы секемденіп, одан ДНК сынамасын алған. Осылайша шындықтың беті ашылыпты.


Бапкердің айтуынша, жарыс біткен соң екі апта уақыт ішінде аяқ асты қуанышты хабар жетіпті. Мұны еліміздің қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмаз Қуатбеков айтқан екен. Енді жақын арада Еркежанға Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама берілетін болады!


"Естіген соң қатты қуандық, десе де таңғалмадық. Ол спортшыда гәп бары бәсеке басынан байқалды. Енді міне, мән-жай анықталып отыр. Мені ең жабырқатқаны – марапаттау кезінде еліміздің байрағы көтеріліп, әнұранымыз шырқалуы тиіс еді. Бұлай болмады. Әр бапкер үшін шәкіртінің шыңнан көрінуі аса маңызды", – деді жаттықтырушы.


Еліміздің бокс Федерациясы енді Азия Федерациясына сұрату жібереді. Осыдан барып, олар алтын медаль мен Аргентина жерінде өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына жолдаманы берулері тиіс.


 


Sputnik




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30